сценарий
Қызылдиқан орта мектебі
15 ақпан кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Қызылдиқан орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Ауған соғысында откешкендер» атты кездесу кешінің сценарийі
Кештің тақырыбы :«Ауған асуында от кешкендер»
Мақсаты: 1979 жылы мақсатсыз болған Ауған соғысы жайлы оқушыларға түсінік беру. Сол соғысқа қатысқан ауданымыздың ардагерлерінің ерлік пен өрлік істерін жас ұрпаққа насихаттау.
Көрнекілігі: «Ауғаныстан қасіреті» атты кітап көрмесі. «Ауғанға барған солдаттар» атты слайд көрсетіледі.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Қадірлі Ауған соғысының ардагерлері!
15 ақпан кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Қызылдиқан орта мектебінің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ерліктерің ешқашан ұмытылMayды» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып, 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.
Армысың, қаны қазақ қаһармандар,
Одақтың солдаты боп аталғандар.
Кеңестің үкіметі кездерінде,
Досы мен жауы бір боп маталғандар.
Армысыңдар ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендерің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер...
Құттықтау сөз: Қызылдиқан орта мектебінің директоры А.Әбілдаевқа беріледі
Жүргізуші:Осыдан 30 жыл бұрын кеңес әскерлері ауғаныстан жерінен шығарылды. Бейбіт заманда болған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағынан барлығы 620 мың азамат аттанған. Олардың ішінде 22 мың қазақстандық болса, 2 мыңға жуығы біздің өңірден.
Бүгінде 1136 Ауған соғысы ардагерлері ортамызда жүр. Олар әр түрлі салада еңбек етіп, тәуелсіз қазақстанның дамуына өз үлестерін тигізуде. Жастардың ортасына жиі барып, олардың ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал етуде. Сіздерге осындай игі істеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз, қадірменді Ауған соғысы ардагерлері!
Ендеше, ортамызға ауған соғысының куәсі болып әскери міндетін ауған жерінде өтеп қайтқан жерлестеріміз отыр. Енді мен Сіздерді қатысып
отырған құрметті қонақтармен таныстырып өтейін.
1Игіліков Мәмбет.
2.Отыншы ағайға келіп отыр .
Жүргізуші: Сөз кезегі ауған соғысының ардагері Игілік Мәмбетке беріледі.
Өлең: Әубәкір Қырмызы « Балдақты адам » арнау өлеңін оқиды.
Жүргізуші: Қанды қырғынға ерікті, еріксіз қатысып, өз борыштарын адал атқарған Ауған соғысының ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтан әділетті орын беру де – бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі. Ауған соғысына қатысқан көптеген бауырларымыздың ерліктері Ұлы Отан соғысына қатысқан ағаларымыздың ерліктерімен бірдей дәрежедегі ерлік болып табылады. Ауған соғысы тарих бетінде мәңгілік қалды.
Ерлік ескірмейді, оларға тағзым етіп, еске алу болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс.
Бейне роликкөрсетіледі.
Жүргізуші: 9 сынып оқушысы Советханова Аружан «Ауған ардагерлері» атты өлеңін сіздерге тарту етпек.
Жүргізуші:
Қай кезді алып қарасақ адамзат ең алдымен елдің амандығын, жұмыр жерде бейбітшіліктің ұлы туы желбіреп тұруын тілейді ғой. Соғыс деген сөзді ешкімнің естігісі келмейді. Ауғанстан жерінде талай боздақтарымыз көз жұмды. Бейбіт кезеңде туған елдің төсінде емес, жат жерде көз жұмған азаматтарымыздың ерліктері естен шығуы тиіс емес оны бүгінгі ұрпақ, келер ұрпақ білуі тиіс.
Жапырақсыз қайың тұр ырғатылып
Өмір суы,тез кепті құрғатылып.
Мен сендерді ойласам қарулас дос,
Қу жүрегім кетеді, жырға тұнып.
Сөз кезегі ауған соғысының ардагері Игіліков Мәмбетке беріледі.
Жүргізуші: Ән.
Жүргізуші:
Сіздер тартқан ерліктермен бүгінгі ұрпақ өрлейді,
Енді қайтып қараңғылық күнін көргім келмейді.
Айшықталған мерейтой, құтты болсын ағалар,
Жаңғыратын жеңістерің өшпейді мәңгі сөнбейді.
Қадірменді Ауған соғысы ардагерлері! Сіздер жат елде, бөтен жерде тағдыр мен сұрапыл соғыс сынағынан өттіңіздер! Ауған жерінде қайтыс болған боздақтарды ешқашан ұмытпайды,халықтың жүрегінде мәңгі қалады.
Жүргізуші: 8-сынып хор. Атамекен әні әнін орындайды.
Жүргізуші: «Ауғаныстан қасіреті» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Сауханова Нәзира библиографиялық шолу жасайды.
Жүргізуші: Хор. «Қазақ сарбаздары» 10-11сынып оқушыларының орындауында әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар, -деп ақын жырлағандай, өмір тоқтаMayды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Құрметті ауған соғысының ардагерлері Сіздерге кездесу кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекбектеріңіз табысты болуын тілейміз. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын – деп бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ормантай А. Таңертең соғысқа кіреміз.-Алматы:Шартарап баспасы,2001ж.-224бет.
2. Смағұл Б.Ауғанның от жалыны.- Алматы:Республикалық Ауған соғысы ерікті қоғамы,2006.-248бет.
3. Смағұл Б.Мен көрген соғыс.-Алматы.2007.-188бет.
4. Қоңырбаев Н.Ауғанға барған солдаттар\\ Арай.-2010.-11ақпан
5. Жолдасбек М.Есімдері мәңгі жүректе \\ Сарысу.2014.- 13 ақпан
Сынып жетекші : Н. Шаханова
<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}