Орыс тілі мен ағылшын апталығы









"Язык-символ нации, Language-symbol of nation" атты орыс-ағылшын апталығы 14.09-18.09 аралығында 5-10 сыныптар аралығында іс-шара жұмыстары ұйымдастырылды. 14-інші қыркүйекте іс-шараның ашылу салтанаты болды. 5-10 сынып оқушыларына іс-шара мазмұны таныстырылды. "Язык-это окно в новый мир" атты тақырыбында ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты оқушыларға орыс тілінің маңыздылығын түсіндіру, қызығушылықтарын ояту. Оқушылар орысша өлеңдер, тақпақтар оқыды. Мақал--мәтелдер айтылды. Орыс ақын, жазушыларының суреттерімен, өмірбаянымен танысты. 7-8 сынып оқушыларына тілге байланысты қабырға газеттерін салып, орыс тілінде қорғауға, 9-10 сынып оқушыларына қабырға газетін ағылшын тілінде қорғауға тапсырма берілді. 15-інші қыркүйекте "Getting to know about global leisure pursuits" тақырыбында Г. Алдиярова 7 сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Мұғалімнің сабақта өзін-өзі ұстауы, оқушылармен сыпайы қарым-қатынас жасауы тартымды болды. Сабақ барысында кері байланыс жасап, сөздік жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тапсырмалар орындау барысында сөздікпен жұмыс жасап, сөйлемдер құрастырды. Оқушылар жеке жұмыстарға белсене қатысып отырды. 16-ншы қыркүйек күні "А.П. Чехов Рассказ. Хамелеон" тақырыбында А. Атамкулова апай 6 сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Сабақ "жақсы " деп бағаланды. Сабақта кері байланыс, жаңа әдіс-тәсілдер қолданды. Оқушылар жеке жұмыстарға белсене қатысып отырды. Schoolchildren әңгіме бойынша сұрақтар қойылды. Критерий бойынша бағаланды. 18-інші қыркүйек күні 7-10 сынып оқушылары қабырға газеттерін қорғады. 7-8 сынып оқушылары қабырға газеттерін орыс тілінде қорғап шықты. 9-10 сынып оқушылары қабырға газетін ағылшын тілінде қорғап шықты. Оқушылар апталық соңында белсенділігі үшін, ізденімпаз, дарынды, талантты, зерек, шығармашыл сынып номинациялары бойынша марапатталды. Атқарылған барлық іс-шаралар фейсбук желісіне жүктелді.