16
февраль
2019
Қасқыр туралы қызықты мәліметтер
Қасқыр туралы қызықты мәліметтер Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң. •Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері. •Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді. Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсаMayтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады. Aңыз •Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған. •Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»… •Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты. •Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі. •Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады. •Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алMayды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді. •Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі ұрғашы қасқыр мен еркек қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырMayды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығын қасқырлардың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұрғашы қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады. •Қасқырлардың өзара қатынасы өте қатаң реттеліп отырады. Егер де араларында бір жұп әлсіз болатын болса, онда ол жұп бала туу санын шектейді. Бұл генетикалық құрамды жақсарту мақсатында жасалатыны айтпаса да түсінікті. •Бір топ қасқыр. Ең алдында үш әлсіз әрі ауру қасқыр келеді. Егер алда бір төтенше жағдай бола қалса, алдымен солар құрбан болады. Сонымен қатар бұл үшеуі жол таптап, кейінгілердің күшін сақтап қалуына ықпал етеді. Одан кейін 5 еркек қасқыр келеді. Бұл - негізгі топтың басы. Ортада 11 ұрғашы қасқыр кетіп барады. Олардан соң тағы 5 еркек қасқыр, ал ең соңында - басшы бөрі келеді. Ол топтың жүру барысын қадағалап, бақылап әрі реттейді. Сол үшін топтың артында жүреді. •Қасқырлар араларындағы жұп қасқырларға (яғни, еркек пен ұрғашы) құрмет көрсетеді. Олжалы бола қалса бірінші соларға бөліп береді, жататын жерлерін де жайлы, оңашалау жерден таңдап қояды. Күшті қасқырлар әлсіздерге қамқор болады. Ал, егер де өзара заңдылықты бұзатын болса, онда олармен басқаша сөйлесуі бек мүмкін. •Бұл жыртқыш аңның бостандыққа деген ұмтылысын тарихқа таспен қашап жазуға болатындай. Неге десеңіз, қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын жалғастыратындығы сөзімізге дәлел болса керек. Сондай-ақ, егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі, қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру қасқырларды азық ретінде жеп қоятынын біреу білсе, біреу білмес. •Кейбір қасқырлардың салмағы 100 кг дейін жетуі мүмкін. Қасқырлар экватор сызығына алыс-жақын орналасу ретіне байланысты өседі. Тропикалық қасқырлардың кәдімгі иттерден қатты айырмашылығы жоқ. Қиыр шығыстағы қасқырлардың салмағы 60 кг дейін жетеді. •1995 жылы 14 қасқыр Йеллоустон ұлттық қорығына жіберіледі. Сол кезде ғалымдар бұл қорықтың экожүйесінің өзгеретініне күмән келтірмеген болатын. Өзгергенде де жақсы жағына қарай өзгеретініне күмәнданбады. Себебі, мұнда тек қана бұғылар өмір сүретін. 70 жыл көлемінде мұнда қасқыр болмағандықтан, бұғылар патшалық құрды. Ал, бұл болса өз кезегінде жергілікті өсімдіктердің өркен жаюына айтарлықтай кедергі келтірді. Қасқырлар қорықтағы барлық бұғыны жеп тауыса алMayтыны анық, бірақ олар қасқырлар мекендейтін аймаққа аттап баспайтын болды. Міне, сондай аймақтарда өсімдіктер еркін өсе бастады. 6 жыл көлемінде ағаштардың саны 5 есеге артқан. Сол кездері кеміргіштер пайда болды. Сондай-ақ, қасқырлар шибөрілердің азаюын қамтамасыз етті. Ал, бұл кезде қояндар мен тышқандардың артуы байқалды. Содан соң қорыққа аюлар келді. Олар өз аймақтарынан қасқырларды қуып шықты. Жемістердің өсуі осы жағдайдан кейін арта бастады. •Ең қызығы қасқырлар өзеннің ағысын реттеді. Өзеннің ағуы бұрынғыдан бірқалыпты күйге түсіп, өзен жағасының эрозияға ұшырауы сап тыйылды. Қалай десеңіз, бұғылардың азаюы ағаштардың, шөптердің өсуін тездетті. Яғни, өзен жағасына өскен шөп жердің қатты болуын қамтамасыз етті. Жалпы жіберілген 14 қасқырдың арқасында қорықтың бүкіл географиясы өзгерді деп айтуға болады. Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді. Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл. Қасқырды houseкүзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады. Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады. Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады. Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады. Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті. Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг. 1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. Қазіргі таңда олардың саны бар-жоғы 65 000. Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар. Қасқырлар осыдан 35 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Mesocyon» атты жануардан пайда болған. Бұл жануарлардың аяқтары қысқа, кеуделері ұзын еді. Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршаMay жүзе алады. 1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды. Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады. Көксерек (әңгіме) "Көксерек" кітабы «Көксерек» - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырын таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтаMayтұғын. Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тойMay талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралMayды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады. Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламнын жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады . Шығарма кейіпкерлері •Құрмаш - Көксеректі күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан. •Көксерек - күшік кезінде ауылға әкелінген. Көксерек ауыл иттерінен қорлық көреді. Иттер оны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер оны талайды, басқа иттер ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп кетеді. •Қасен - Құрмаштың дұшпаны болып,көрген сайын мазақтап жүретін адам. •Аққасқа - Жұмаштың иті, Көксеректің баққасы. Онымен әрдайым күресіп, жарақат жасайтын ит. •Бейсембай жылқышы - Қолында шошайған сойылы бар,астында қатып қалған ақ бедеуі бар,жылқы бағып жүретін адам. •Құрмаштың әжесі - Құрмашты қолдап отырған адам. Соңында елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басынан қарғап тұрып , тепті. •Жұмаш - Құрмаштың ауылдасы, баққасы. Үнемі Құрмашпен ұстасып жүретін бала.