Тілге құрмет-елге құрмет » Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қызылдиқан орта мектебі
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
" К.Дихан атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2018

Тілге құрмет-елге құрмет

Сабақтың тақырыбы: Тілгеқұрмет-елге құрмет.

Сабақтың мақсаты: Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары

екенін, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері

екендігін тереңірек түсінеді.

Сабақтың түрі:Сынып сағаты

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»

«Қазақстан Республикасының

Тіл туралы Заңы» 1997 ж .11 шілде

І. Қызығушылықты ояту.

Ұлттық тіл

Сұрақ: Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Дәптерге жауап : (2-3 сөйлем)

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.»

Н.Ә.Назарбаев

Ана тілім – абырой, ар-намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.

Халықтығым – біртұтас алыптығым,

Ана тілім – алдағы жарық күнім.

Төбем көкке жеткендей қуанамын,

Тілімнің құдіретін танып бүгін.

О, менің қасиетті Ана тілім,

Жебей гөр астына алып қанатыңның

Қазақ деген бойымда қаным барда,

Өзіңсің көтеретін дара туым.

(күні бойы айтылып жатқан ой-түйін толықтырылады)

Мұғалім: Ендеше, тіліміздің өшуіне де, өсуіне де себепкер біз, яғни осы отырған қазақ деген халықпыз.

Мен кіммін?

Арыстанмын , айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар? М.Жұмабаев

Мен – қазақ.

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын? С.Торайғыров

Мен – қазақпын

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.Ж.Молдағалиев

Мұғалім: Ұлы тұлғалар, қазақтың біртуар азаматтары қазақ екендіктерін осылай жырға қосқан.

Мұғалім: Біз «қазақ» деген елміз – ешкімге намысымызды таптатпаған елміз. Тілімізді қорламай, сақтай білген елміз,- деп Қазыбек бидің сөзін жалғастырғым келіп отыр. Ендеше, біз «қазақ» деген атпен мақтана аламыз.

Б і з к і м б і з ?



Сауаттылық хаты: Біз – еліміздің ертеңіміз

( хат жазу мүмкіншілігін пайдалана отырып хат жазу )

Тәуелсіздік тартулары

Ана тілде ата – баба сыры бар

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар.Оразақын Асқар

 

Қазақстан үш тұғырлы тіл саясатын қолдайды: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін. Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – дегендей әр адам өзінің ана тілін құрметтей, сыйлай білуі керек. Өз ана тілінде сөйлей алуы керек.

Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Өйткені халқымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің ел басшысы ретінде де қазақ ретінде де парызым қазақ тілін өсіп өркендету... Қазақ елі барда қазақ тілі болады, өседі, өркендейді.»

 

Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Тілім менің-тірлігім,

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің, тілім менің-тірлігім!

Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес. Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.

«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.

«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.

Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырына

Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің

Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.

Ана тілім-тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің күәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Ойынның аты «Сөз құрастыру»

 

1) шай ішетін ыдыс? Кесе

2) қай жануар ақырады? Есек

3) сақалы жоқ адам? Көсе

4)суда жүзеді? Кеме

5) өндіріс орны өндіреді? өнім

6) үйге неден кіреміз? Есік

Кім жылдам? ойыны

1. асыл тастан, ........... жастан? Ақыл

2.Таста өсетін өсімдік?Қына

3. Қыста мінетін көлікшана

4. Зәулім ғимараттары бар елді мекен?Қала

5. Газет атауы «Жас .........»?Алаш

«Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!

Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр

Болып өтер ертең мәңгі өкінер

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілге құрмет- елгеқұрмет.

Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге баулу, тілді құрметтеуге, сүйе білуге, патриотизмге тәрбиелеу. Шығармашылықты, сөйлеу, ойлау қабілеттеріндамыту.

Көрнекілігі: тіл туралынақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.«Тіл» туралы қысқаша мәлімет беру.

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді»

•Тіл – қатынас құралы болғандықтан, қарым – қатынас, өзара әрекет сол тіл арқылы дамиды. Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тіліжәне мемлекеттік тіл. Қазақ тілі- өте бай және көркем тілдердіңбірі.

1989 жылы – ҚазақстанРеспубликасының Тіл туралызаңы қабылданып, қазақ тілі -мемлекеттік тіл дәрежесін алды. Орыс тілі – ресми тіл ретінде қолданылады. 1997 – жылы Қазақстан Республикасының Тілтуралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Мына ақпаратқа назар аударсақ:

1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан Респуликасындағы тілдер туралы» жаңа Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану шеңберінің кеңейту үшін Республикада «Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы» дайындалды.

Ана тілім – бала шағым, өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайыс далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман,ойым, көрнегім.

Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырына

Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің

Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.

Ана тілім-тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің күәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту Б.Момышұлы.

Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.

Ол-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек.

Ана тілі-ар өлшемі. Тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ендеше, тілімізді бағалайық, аялайық, достар!

Тіл ұлттың жаны, асыл қазынасы. Достықтың Отаны Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдерінің ортақ мерекесі.

Адам санасына бесікте жатқан сәбилік кезден бастап даритын қасиетті нәр бар. Ол құдіреттің аты-қазақтың қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі-Қазақ тілі деп санаймыз. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

 

 

Сабақ тақырыбы: Тілге құрмет- елгеқұрмет

Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге баулу, тілді құрметтеуге, сүйе білуге, патриотизмге тәрбиелеу. Шығармашылықты, сөйлеу, ойлау қабілеттеріндамыту.

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Сабақ барысы:

3.Ұйымдастыру.

4.«Тіл» туралы қысқаша мәлімет беру.

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді»

•Тіл – қатынас құралы болғандықтан, қарым – қатынас, өзара әрекет сол тіларқылы дамиды. Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі жәнемемлекеттік тіл. Қазақ тілі -өте бай және көркемтілдердің бірі.

1989 жылы – ҚазақстанРеспубликасының Тіл туралызаңы қабылданып, қазақ тілі -мемлекеттік тіл дәрежесін алды. Орыс тілі – ресми тіл ретінде қолданылады. 1997 – жылы Қазақстан Республикасының Тілтуралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан үш тұғырлы тіл саясатын қолдайды: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – дегендей әр адам өзінің ана тілін құрметтей, сыйлай білуі керек. Өз ана тілінде сөйлей алуы керек.

Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Өйткені халқымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің ел басшысы ретінде де қазақ ретінде де парызым қазақ тілін өсіп өркендету... Қазақ елі барда қазақ тілі болады, өседі, өркендейді.»

Мына ақпаратқа назар аударсақ

1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан Респуликасындағы тілдер туралы» жаңа Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану шеңберінің кеңейту үшін Республикада «Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасы» дайындалды.

Жыл сайын қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі тойланады.

Ана тілім – бала шағым, өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайыс далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман,ойым, көрнегім.

Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керекқұдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасиетті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасынқорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.Б.Момышұлы

Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.

Ол-атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек.

Ана тілі-ар өлшемі. Тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ендеше, тілімізді бағалайық, аялайық, достар!

Тіл ұлттың жаны, асыл қазынасы. Достықтың Отаны Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдерінің ортақ мерекесі.

Адам санасына бесікте жатқан сәбилік кезден бастап даритын қасиетті нәр бар. Ол құдіреттің аты-қазақтың қазақтығын әйгілейтін бірден бір белгі-Қазақ тілі деп санаймыз. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

5.Сайыс:

Сайыс шарты: Сыныпты 2 топқа бөліп, «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында өз ойларын, пікірлерін білдірту, әрбір топқа қарсылас топтарына тіл мәселесі төңірегінде сұрақтар қою.

Қорытынды: Әрбір топтың жауаптарын бағалау.