Қызылдиқан орта мектебінің түлектері » Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қызылдиқан орта мектебі
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
" К.Дихан атындағы жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Қызылдиқан орта мектебінің түлектері
17
September
2020

Қызылдиқан орта мектебінің түлектері

        Несіпбеков Сраил Несіпбекұлы 1953 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Ақыртөбе станциясында дүниеге келдім. 1960 жылы Сарысу ауданындағы Қызылдихан сегіз жылдық мектебінің 1 сыныбына бардым. 1970 жылы Байқадам қазақ орта мектебін бітіріп, Жайылма кеңшарында  жұмысшв болып істедім. 1971-1973 жылдар аралығында әскер қатарында болдым.1974 жылы Жаңатас қаласына келіп , «Қаратау» өндірістік бірлестігінің «Оңтүстік - Шығыс» кенішінде бұрғылау станогі жүргізушісінің көмекшісі болып жұмысқа орналастым. 1975 жылы «Орталық» кеніші ашылған соң механикалық жөндеу бөлімшесінде тау кен-жабдықтарын жөндеуші болып 1984 жылға дейін жұмыс істедім.

        1984 жылы Қазақ политехникалық институтын, тау-кен инженері мамандығы бойынша сырттай бітіргеннен кейін  шебер/мастер/ механик, бөлімше бастығы, цех бастығы болдым. 1991 жылдан бастап кеніштің /рудниктің/ бас механигі болып істедім. 2005 жылдан «Көксу» кенішінің бастығы қызметін атқардым.

        2011 жылдан бастап, «Қаратау» Тау-кен өңдеу кешені басқармасының еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері, ал 2014 жылдан бастап басқарманың бас механигінің   орынбасары болып жұмыс істедім.

       Сарысу аудандық  Мәслихат депутаты, «Нұр-Отан» партиясының Сарысу аудандық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болдым.

       2016 жылдан бастап зейнеткермін. «Нұр-Отан»партиясының мүшесімін. «Еңбек ардагері» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Жамбыл облысы әкімінің, Сарысу ауданы әкімінің, «Қаратау» ТКӨК-нің директорының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталдым.

Похожие публикации:

23 October 2020 Түлек
14 февраль 2019 сценарий