20
декабрь
2019
5 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
Ел Тәуелсізідігінің 28 жылдық мерей тойына "Ұлы дала Елі - Тәуелсізідктің жемісі" атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. "Жас Ұлан" ұйымының әрбір мүшесі қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақи ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың қасиеттерін бойға сіңіріп, Ұлы тұлғалардың өсиеттерін орындауды перзенттік парызы деп түсінуі тиіс. "Жас Ұландықтар" Туған елін, Отанын, Жерін қадірлеміз, Табиғатты аялаймыз, Слауатты өмір салтын ұстануға, Білімге табандылықпен ұмтылуға АНТ етті.
























