01
октябрь
2021
Қарттарым - асыл қазынам!
1 қазақ қарттар күніне орай мектебімізде "Қарттарым - асыл қазынам" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің ардагер ұстазы,ұстаздық қызметте 40 жыл қызмет еткен, зейнеткер Смағұлова Несібелді апайды шақырды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ұстаздарға ізгі тілектерін арнап,әндерін айтып,би биледі. Мектеп ұжымы да жүрек жарды жылы лебіздерін айтып, ардагер ұстазға сый құрмет көрсетті. Ол кісі де алғысын айтты. Кәсіподақ ұйымынан келген сыйлықтар табыс етілді.










