Әбілдаев Алпысбай,1953 жылдың 5 тамызында дүниеге келіп,1960-1968 жылдар аралығында Қызылдиқан сегіз жылдық мектебінде оқыдым.Орта білімді Байқадам орта мектебінде алдым.1971 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтының ауылшаруашылығы үрдістерін механикаландыру факультетін бітіріп,инженер-механик мамандығын алып шықтым.Екінші жоғарғы білімді Алматы үздіксіз білім беру университетінде көлік тасымалдарын және жол қауіпсіздігін ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша 2000 жылы алдым.Институтты бітіргеннен кейін 1976-1977 жылдары Жаңатас қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік үйрету шебері,автомобиль құрылымы пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.1977 жылдан бастап Қазақ ССР Автомобиль көлігі министрлігінің мекемелерінде қызмет атқардым,Алматы автомобильмен жолаушылар тасымалдау басқармасында жетекші инженер,Жамбыл облыстық автомобильмен жүк тасымалдау басқармасында техникалық-өндірістік бөлімінің бастығы,2554 автоколоннасында отряд бастығы,Жамбыл транс агентство автокәсіпорнында бастықтың орынбасары.1993 жылдан 2001 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етіп,2002 жылдың басында Астана қаласына Көліктік бақылау комитетіне қызметке ауыстырылып сол жылдың наурыз айында Актөбе облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасының бастығы болып тағайындалдым. 2003-2005 жылдар аралығындаЖамбыл облыстық әкімшілігінде бас инспектор, Жамбыл облыстық көлік мекемесінің басшысы болып қызмет атқардым.2005 жылдың қараша айынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Халықаралық автокөлікпен тасымалдаушылар одағы Бас хатшысының орынбасары лауазымында болдым. 2018 жылдың аяғынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар ңылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу институтының ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас ғылыми сарапшысы болып жұмыс атқарып келемін.Бірқатар ғылыми-зерттеушілік жобалардың орындаушылар тобының мүшесі болдым. Қазақстан Республикасының «Құрметті автокөлікшісі», автокөлік саласының «Еңбек ардагері» құрметті атақтарының иегерімін.