Қызылдиқан орта мектебінің түлектері » Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қызылдиқан орта мектебі
Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
" К.Дихан атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қызылдиқан орта мектебінің түлектері
04
май
2020

Қызылдиқан орта мектебінің түлектері

  Шегебаева Асель Кенжетайкызы 22.10.1990 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Кызылдихан ауылында дүниеге келдім. Әкем Шегебаев Кенжетай Балуанұлы Қызыл диқан орта мектебінде қызметкер болып жұмыс атқарады. Анам Басенбаева Оразкуль Данашевна Қызыл диқан орта мектебінде мұғалім қызметін атқарады. Мен 1997 жылы Қызыл диқан орта мектебінің 1сынып оқушысы болып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттадым.  2018 жылы мектепті үздік бітіріп,алға қойған мақсатым мен арманыма қол жеткізу үшін 2008 жылы Алматы қаласындағы М.А.Алиев атындағы Қазақстан Медициналық Университетіне, жалпы медицина факультетіне грантқа, яғни тегін оқу жүйесіне түстім. 2012 жылы осы Университеттің бакалавр, яғни жалпы дәрігер мамандығын бітірдім. 2013 жылы Қазақстан – Ресей Медициналық Университетінде интернатура мамандығын жалғастырып, 2016 жылы Жалпы хирург мамандығын алдым.  2016 жылы Алматы қаласында Медицина орталығы Асмед орталығында хирург болып жұмысымды атқардым және қосымша өзімнің оқып бітірген университетте ассистент қызметін атқардым. Жалпы хирургия және ішкі аурулар пропедевтикасы пәндерінен студенттерге сабақ беріп, одан әрі білімімді шыңдадым. 2016 жылы А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығына резидент болып оқуға түстім.  2019 жылы Анестезиолог және реаниматолог мамандығын бітіріп, 2020 жылы А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында Анестезиолог және реаниматолог маманы болып жұмысқа орналастым. Сонымен қатар N5 Қалалық Клиникалық ауруханасына (Бет-жақ хирургия орталығы) Анестезиолог және реаниматолог қызметін  қосымша атқарып жүрмін. Осы салада өзімнің білімімді көрсетіп N5 Қалалық Клиникалық ауруханасына (Бет-жақ хирургия орталығы), Клинико- диагностикалық бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалдым. Қазіргі таңда өз білімімді әрі қарай шыңдау үшін, докторантураға оқуға түсуді армандап, дайындалып жүрмін. Қазіргі таңда отбасым бар, жолдасым және ұлым. 

Похожие публикации:

05 февраль 2020 Әл-Фарабиге -
24 январь 2020 Адалдық дүкені
17 январь 2020 Адалдық сағаты
16 октябрь 2019 Тәрбие сағаттары
18 ноябрь 2019 Ыстық тамақ
11 ноябрь 2019 Тәрбие сағаттары
16 октябрь 2019 Ана - өмірдің гүлі
21 октябрь 2019 Мұғалім жетістігі
03 октябрь 2019 Ұстаз - ұлы есім!
14 февраль 2019 сценарий
24 декабрь 2018 ҰБТ
24 декабрь 2018 Қамқоршылық кеңес
08 ноябрь 2018 Рухани жанғыру
08 ноябрь 2018 Смайлова А