12
October
2020
Түлек
Жарқынбеков Серік Баянұлы 1965жылы 16 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қызылдихан ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Қызылдихан сегіз жылдық мектебіне бірінші сыныпқа барып, 1980 жылы сегізінші сыныпты бітірген. 1980 жылы Жамбыл есеп –санақ техникумына оқуға түсіп, 1983 жылы статистик мамандығы бойынша бітірді.2006- 2010 жылдары Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит бакалавр мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1983 — 1985 жылдары әскери борышын өтеді. 1986 — 1994 жылдары Жайылма совхозында есепші,1995-1996 жылдары Жаңатас қаласы бойынша салық инспекциясында инспектор, 1997 — 1998 жылдары Қызылдихан өндірістік кооперативінде бас есепші, 1998 — 2002 жылдары Қызылдихан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас есепші, 2002 жылдың мамыр айынан 2013 жылғы қараша айы аралығында Сарысу ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеген. 2013 жылдың желтоқсан айынан Сарысу ауданының Статистика басқармасының басқарма басшысы болып қызмет атқарып келеді.