Қызылдиқан орта мектебінің түлектері

Несіпбеков Сраил Несіпбекұлы 1953 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Ақыртөбе станциясында дүниеге келдім. 1960 жылы Сарысу ауданындағы Қызылдихан сегіз жылдық мектебінің 1 сыныбына бардым. 1970 жылы Байқадам қазақ орта мектебін бітіріп, Жайылма кеңшарында жұмысшв болып істедім. 1971-1973 жылдар аралығында әскер қатарында болдым.1974 жылы Жаңатас қаласына келіп , «Қаратау» өндірістік бірлестігінің «Оңтүстік - Шығыс» кенішінде бұрғылау станогі жүргізушісінің көмекшісі болып жұмысқа орналастым. 1975 жылы «Орталық» кеніші ашылған соң механикалық жөндеу бөлімшесінде тау кен-жабдықтарын жөндеуші болып 1984 жылға дейін жұмыс істедім.
1984 жылы Қазақ политехникалық институтын, тау-кен инженері мамандығы бойынша сырттай бітіргеннен кейін шебер/мастер/ механик, бөлімше бастығы, цех бастығы болдым. 1991 жылдан бастап кеніштің /рудниктің/ бас механигі болып істедім. 2005 жылдан «Көксу» кенішінің бастығы қызметін атқардым.
2011 жылдан бастап, «Қаратау» Тау-кен өңдеу кешені басқармасының еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері, ал 2014 жылдан бастап басқарманың бас механигінің орынбасары болып жұмыс істедім.
Сарысу аудандық Мәслихат депутаты, «Нұр-Отан» партиясының Сарысу аудандық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болдым.
2016 жылдан бастап зейнеткермін. «Нұр-Отан»партиясының мүшесімін. «Еңбек ардагері» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Жамбыл облысы әкімінің, Сарысу ауданы әкімінің, «Қаратау» ТКӨК-нің директорының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталдым.