05 сентябрь 2024 0 1 2 3 4 5 БҮГІН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ БҮГІН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ1989 жылы 22 қыркүйекте "Тілдер туралы" заң қабылданды. Ал Тілдер мерекесінің өзі 1998 жылдан аталып өте бастады. Сол жылы тұңғыш президенттің жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды.Алайда араға жиырма жыл салып, атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның өзіндік себебі бар еді.5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші жұлдызында мерекеленеді.